Атыраудың аспанында ақ жолақтар көбейді
ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ШИЕЛЕНІСУІ РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫНА КЕСЕЛІН КЕЛТІРДІ. …БҰЛ ЖАҒДАЙ БІЗДІҢ ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫНА ҚАНШАЛЫҚТЫ ӘСЕР ЕТЕДІ? ӘУЕ ТАСЫМАЛЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ КӨРШІ ЕЛГЕ САЛЫНҒАН САНКЦИЯ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРЫП, ҚАЗЫНАСЫН ТОЛТЫРУҒА СЕПТІГІН ТИГІЗУІ МҮМКІН ЕКЕНІН АЙТЫП ОТЫР.
Мамандардың айтуынша, қос ел арасында қақтығыс басталғаннан бері қазақстандық әуе кеңістігі арқылы өтетін рейстер аз уақыт аралығында 3,5-4 есеге дейін көбейген. Әсіресе, мұндай белсенділік еліміздің батыс аймақтарында байқалады. Бұрын-соңды біз арқылы мүлде өтіп көрмеген тасымалдаушылар пайда болған. Мәселен, шектеулерге байланысты Қазақстан арқылы Малайзияның «Malaysia Airlines», Тайванның «EVA Air», Үндістанның «Jet Airways», Бангладештің «Biman Bangladesh Airlines» компанияларының рейстері өткен. Сондай-ақ, Еуропаның да кейбір әуе тасымалдаушылары біздің кеңістікті таңдаған. Өткен айларда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Қазақстанның үстінен өткен әрбір ұшақтың құны оның өлшеміне байланысты екенін айтқан болатын.
– Ең алдымен, ұшу салмағын ескеру керек. Әуе кемесі қаншалықты ауыр болса, оның құны да жоғары болады. 100 километрге орташа тариф 80-нен 100 АҚШ долларына дейін жетеді. Бұл ақы басқа мемлекеттерге қарағанда, соның ішінде ТМД елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ол көптеген компанияның Қазақстанды таңдауына оң әсер етеді,- деген еді Талғат Ластаев.
Сала мамандары Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалалары халықаралық хабтың қызметін атқарып отырған түріктің Стамбұлына бәсекелес болуы мүмкін деген болжам айтады. 12 әуежайда тасымалдаушыларға әуе пункттеріне қосымша процедураларсыз ұшуға мүмкіндік беретін «ашық аспан» жүйесі орнатылған. Жалпы, азаматтық авиация саласы елдің көлік-коммуникация кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары бұл секторда айтарлықтай өсім бар. Пандемияның салдары көрсеткіштің 35-40 пайызға төмендеуіне әкелді. Десек те, транзиттік жолаушылар ағыны және еліміз арқылы транзиттік авиаұшулар саны ұлғайған. Осыдан екі жыл бұрын түркі әлемінің рухани орталығы – Түркістан қаласының жаңа әуежайы іске қосылды. Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысы, Орал әуежайының терминалын, Өскемен әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және Үржар мен Үшарал әуежайларын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.
Біздің елде 55 авиакомпания жұмыс істейді. Оның ішінде жетеуі тұрақты авиатасымалдарды жүзеге асырады (Air Astana, Fly Arystan, SCAT, Qazaq Air, Жезқазған Эйр, Жетісу, Южное небо). Бүгінде Халықаралық азаматтық а в и а ц и я ұ й ы м ы н ы ң ( И К А О ) стандарттарына сәйкес, ұшу қауіпсіздігінің деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 74% көрсеткішпен II орын алады, ал әуежайлардың қауіпсіздік деңгейі 83% құрайды. Бұл көрсеткіштер орташа әлемдік деңгейден жоғары және Еуропа елдерінің деңгейімен сәйкес келеді. Жуырда Азаматтық авиация комитеті ж а ғ ы м д ы ж а ң а л ы қ т ы ж а р и я л а д ы . Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі ж ө н і н д е г і к о м и т е т і о т ы р ы с ы н ы ң н ә т и ж е л е р і б о й ы н ш а Е у р о п а л ы қ комиссия маусымда ЕуроОдақ аумағында ұшуды орындауға тыйым салынған әуе тасымалдаушылардың тізімін белгілейтін (ЕК) 2006 жылғы 22 наурыздағы 474/2006 регламентін жаңартты. Еуропалық комиссия біздің елде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру бойынша қабылдап жатқан шараларына оң баға берді.
Осылайша, қазақстандық әуе компанияларда Еуропа елдеріне ұшуға қандай да бір шектеулер алынып тасталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасын таба бермек. Е л і м і з д і ң ә у е қ а т ы н а с ы н д а жақында тағы бір жағымды жаңалық болды. Қазақстандық «Fly Arystan» әуе компаниясы 2 маусымнан бастап Алматы – Ереван бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі, бейсенбі) Арменияға тұрақты рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр. Билет құны бір бағытқа 28 мың теңгеден басталады. Рейстерді санитарлық[1]эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А320 типті әуе кемелері орындайтын болады.
Р.S:
- Айтпақшы, біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасына Атырау өңірінің үстімен өтіп жатқан ресейлік ұшақтар жөнінде сұраныс жіберген болатынбыз. Жуырда ол мәселе де газет бетінде көтерілетін болады.
Айбөпе САБЫРОВА