Кәсіпкерлердің кінәсі дүйім жұрттың денсаулығына кесірін тигізеді

izobrazhenie 2021 01 26 221748 Жаңалықтар

«Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қаулы қайта қаралуы мүмкін». Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мәдениет Танауов шектеу шараларының ережелері мен мерзімдеріне арналған жаңа қаулыда атап көрсетті.

Рас, әуелгідей еме с, қазір ж ұ р т ш ы л ы қ ө з г е р і с т е р м е н толықтыруларға толы қаулының санынан шатасып, маңыздылығына бейқам қарай бастағандай. Әрине, әлі де болса ауыздықтылмай тұрған індеттің іргемізден алыс болғанын қалаймыз. Әйтсе де, өңірдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай алаңдатып отыр. Әсіресе, Жылыой ауданындағы ахуал басты назарда. Мұнда вахталық әдіс бойынша жұмыс жасайтын компаниялар мен мекемелерге қатаң талаптар қойылды. Облыс тұрғындарына қаулыда көзделген тәртіпке құлақ асып, жеке бас гигиенасына салғырттық танытпау керектігі ескертілген. Облыс, қала, аудан әкімдіктеріне артылған жүк күшеймесе, азайған жоқ.

Өткен аптадағы жұманың кеші дүкендегі «жеңілдіктерден» емес, қаулыдағы өзгерістердің өзектілігін түсіндіруден басталды. Белгілі болғандай, Атырау қаласыбойынша 18жедел топ құрылған. Оның 7-еуі қала маңындағы ауылдарда жұмыс жасаса, 11-і қала ішін аралап, қадағалау жасайды. Күннен-күнге дегбірді қашырып, дендеп бара жатқан дерттің облыста таралу көрсеткіші үдеп барады.

Мұны одан сайын ушықтырмауға бағытталған қаулының орындалуын бақылауға жауапты жедел топ мүшелері алдымен Б.Құлманов көшесіндегі «Infinity gym» фитнес клубы мен «Arizona» кафесіне тоқтады. Халықтың қарасы көп көрінбесе де, нысан қызметкерлері мен тұрғындардың жайбарақаттығы көзге ұрып тұр. Қалалық әкімдіктің өкілі Сәбит Сүлейменов кафе басқарушысы мен фитнес клубтың әкімшісін салғырттық танытпауға шақырып, тәртіпке сай жұмыс жасау керектігін қаперге берді.

Кафе басқарушысы: -Қаулыментанысыпшықтым.Тазалаужұмыстарын жасап жатыр едік. Қазір жұмысты аяқтаймыз, – деді.

Жедел топ мүшелері де түсіндірме жұмыстарын жүргізіпжатқанын, тәртіпсіздіктер орын алмауын басты назарда ұстауды ескертті. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы С.Сүлейменовтің айтуынша, карантин уақытында тұрғындарға да, кәсіпкерлерге де оңай емес. Бірақ кәсіпкерлер жұмыс бабында келеңсіздіктерге де жол беріп жататыны шын.

– Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдерін жедел топ құрамына қосу жөнінде ұсыныс беріп келеміз. Айталық, кафе, мейрамханаларға қатысты түнгі сағат 02.00-03.00 шамасында телефон арқылы шағымдар түсіп жатады. Алайда, құлыптаулы есікті бұзып кіруге хақымыз жоқ, – дейді ол.

Алғаш карантиндік шектеулер қойылғанда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерлеріжедел топмүшелерімен бірге ескертпелер жасап, тиісті шараларды жүзеге асыратын еді. Кейін кәсіпкерлердің де қызметтеріне едәуір жеңілдіктер қарастырылып, «ноқтадан» босағандай күйге енгені шындық. Соған дандайсыған ба, Б.Құлманов көшесіндегі «Галерея» мейрамханасы мен «Friends» рестобарының басқарушысы мен келушілері қаулыда белгіленген уақыттан асып кетсе де, қабылдап қойған тапсырыстары мен алып қойған асты қимай, біраз уақыт отырды. Тіпті, жаңадан келіп жатқандар да бар еді, олар жедел топты байқап қалып, кіреберістен кері қайтты.

Сол көшенің бойын түгел аралап шығуды мақсат тұтқан топ «Cash» караоке клубына барған, бірақ оның есігі жабық тұр екен. Ал, Құрманғазы көшесіндегі «Chicago» рестобары мен «Infinity» фитнес клубына келушілер көп екен. Қалалық жергілікті полиция басқармасының инспекторы тиісті талаптардың бұзылуы немесе сәйкес еместігі анықталған жағдайда толтырылатын акт санэпидбақылау басқармаларына жолданып, соған сәйкес шаралар алынатынын айтады. Бірақ кәсіпкерлер де, қоғамдық орынға келушілер де тәртіпке немқұрайдылық танытып, бағынғысы келмейді екен.

Мысалы, «Авангард» шағынауданындағы «Chiek» фастфуд дүңгіршегі, Х.Досмұхамедов көшесіндегі «Иверия» азық-түлік дүкені, «Ali» шағынмаркеті белгіленген уақыттың талабын ескермей,жұмыстарын жалғастырып жатты. Авангардтағы «Хачапури» мейрамханасы мен С.Қарымсақов көшесіндегі «Urban» рестобарында да лық толы халық. Карантин шектеулеріне мән бергілері жоқ. Қаулыдағы кальянға байланысты шектеуді де «Urban» ұмыт қалдырған.

Учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Шафиғолла Диар: – «Хачапури» мейрамханасымен «Urban» рестобары бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген шектеулерге қарамастан, кешкі сағат 8-ден кейін жұмыс жасап тұр және бір үстелде 4 адамнан артық отырып, карантин тәртібін бұзды. Нысан әкімшілері түсініктеме беруден бас тартты. Тиісінше, осыған сәйкес акт жасалды, – дейді.

Қаладағы И.Тайманов көшесіндегі «End Ne Stimz» жабық бары, М.Горький көшесіндегі «Рыба моей мечты» караоке бары, Студенттер даңғылы бойындағы «Tofu», «Lift» рестобарларына қатысты да тұрғындардан арыз-шағым ауық-ауық түсіп тұрады екен. Демек олардың да тәртіпке қырын қарайтынын топ мүшелері растап отыр. Түнжарымына дейін созылған рейдтің нәтижесінен түйгеніміз – нысандардағы қызметкерлер бетперде тақпайды, арақашықтық сақталмайды, жұмыс уақытынан тыс қызмет көрсету, адамдардың артық шоғырлануы секілді талаптар өрескел бұзылады. Қаулы күшіне енді ғана енгенін ескеріп, топ мүшелері де барынша түсіністік танытып бақты. Алайда, тәртіпке ден қойғандар аз. Дейтұрғанмен, өткеннен сабақ алып, ортақ тәртіпке бағынса, ешкім де құл болмайтыны анық.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз