АТЫРАУДА ЖОЛ АПАТЫНАН 49 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

97736ff58548be8f05b67b9a6fe8c0ed Қоғам

Атырау облысында 10 күн ішінде 4500-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды.

Бұл туралы облыстық ПД ЖПҚ басқармасы жол қозғалысын қадағалауды ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аманжол Жұмалиев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласы аумағында 1970, қала сыртындағы тас жолдарда 1452, Жылыой ауданында 254, Құрманғазы ауданында 182, Махамбет ауданында 173, Исатай ауданында 148, Қызылқоға ауданында 103, Индер ауданында 97 және Мақат ауданында 84 жол жүру ережесін бұзу дерегі анықталды.

– «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталған 10 күн ішінде 3 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Атырау қаласы аумағында 2 жол апаты болып, 2 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Ал, республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 19 шақырымында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тапты, деді А.Жұмалиев.

Облыс аумағында биыл 7 айда 184 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 49 адам қаза тауып, 227 адам әр түрлі дене жарақатын алды. Өткен жылмен салыстырғанда жол көлік оқиғасы 17,9%-ға өсіп отыр. Осыған орай, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Көркем Телеком» мердігер компаниясының қызметкерлерімен бірлескен дөңгелек үстел жиыны өтті.  Жиында қала сыртындағы республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Доссор-Құлсары-Бейнеу және облыстық маңызы бар Атырау-Индер, Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз тас жолдарына сергек камерасын орнату мәселесі көтерілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз