
Қоғам
Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Бүгін, 13 желтоқсанда, сағат 11 шамасында Атырау қаласы маңындағы Водников-2 шағын ауданында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады.
Жедел жәрдем көлігі “Volkswagen Touareg” маркалы автокөлігімен соқтығысқан, салдарынан бір жағына аударылған.
Жол апаты 2-ші және 8-ші көшелердің қиылысында орын алды. Нәтижесінде жедел жәрдем жүргізушісі мен оның жолаушысы жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.