Жарнама
Қоғам

Атырауда заңсыз құрылысқа жол берілмейді

Былтыр құрылыс-монтаж жұмыстарының басталатындығы туралы 815 хабарлама түскен. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Ерлан Қабдиновтің айтуынша, пайдалануға қабылдау актісінің есебі жүргізіліп, өткен жылы 464 нысан пайдалануға берілген.

 «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» сәйкес, салынып жатқан нысандардың құрылыс монтаж жұмыстарының сапасына, пайдаланылатын құрылыс материалдары мен бұйымдарына 39 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысы бойынша, ескерту мен оларды жою мерзімі көрсетілген 13 ұйғарым шығарылып, 78 әкімшілік іс қозғалған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 45,9 млн. теңгені құрайды. Соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 312 (талаптарды бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау), 316 (жобалық-сметалық құжаттамасыз құрылыс), 321 (құрылысты техникалық және авторлық қадағалаулар жүргізбей жүзеге асыру), 314 (құрылыс, құрылыс-монтаждау, жөндеуқалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу), 463 (хабарлама жібермей құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау) баптары бойынша бірнеше заң бұзушылықтың анықталғаны белгілі болып отыр.

Облыстық мемлекеттік сәулетқұрылыс бақылау басқармасы бес мемлекеттік қызмет көрсетеді екен. Атап айтсақ, іздестіру қызметіне лицензия беру, жобалық қызметке лицензия беру, құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, сараптама және инжинирингтік қызмет көрсететін сарапшыларды аттестаттау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару бойынша ұйымдарды аккредиттеу.

– Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, басқарма тарапынан облысқа қарасты аудандар мен Атырау қаласындағы мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысандарға бақылау (мониторинг) жүргізіледі. Оның барысында жұмысшыларда жеке қорғаныс құралдарының жоқтығы, қауіпсіздік техникасын сақтамау, атқару-техникалық құжаттамаларын дұрыс жүргізбеу, жалпы жұмыс журналдары мен жасырын жұмыс актілерінің толтырылмауы, жұмыс кестесі мен жобалардың жолға қойылмауы секілді кемшіліктерде анықталды. Құрылыс мерзімінің кешеуілдеуіне жұмыс күші мен техникалық ресурстардың жетіспеушілігі де әсер етіп отыр. Кейбір нысандарда техникалық қадағалау өкілдері, оған қоса құрылыс компанияларының инженерлік — техникалық қызметкерлері болмаған. Анықталған ескертулер облыс әкімдігіне берілді, — деді Ерлан Қайнютулаұлы.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button