Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады, деп жазады atr.kz
“13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында Мақат аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына Доссор кенті Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылғы аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша 1961 ж.т. азамат 70 пайыз күйік шалғаны анықталып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді”,- деп жазылған хабарламада. Тұрғынның бұл жағдайға не себепті барғаны айтылмады. Кейбір БАҚ отбасылық кикілжің себеп болған деп жазады.