
Қоғам
Атырауда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі
Бүгін, 21 мамыр күні Атырау қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының басшылығымен жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді.
Оқу-жаттығудың мақсаты Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі Шалыга аралы аумағындағы террористік көріністерге шұғыл ден қою және теңіз кемелерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша әжірибелік пысықтау болып табылады.
Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын
орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабы.