Ауылдан шыққан миллионерлер

whatsapp image 2019 10 30 at 09.06.16 Жаңалықтар

Atr.kz/30 қазан, 2019 жыл. Алыс ауылдардағы бес үкіметтік емес ұйым 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды.

Мұндай жоба  «Атырау облысы Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бастамасымен жүзеге асуда. Аталған қоғам директоры Алена Асамбаеваның айтуынша, негізгі мақсат – ауыл ұйымдарын көбейту. Жоба аясында тұрғындар тегін оқытылып, ақпараттандырылады.

Сонымен, миллионер тұрғындар кімдер? Олар – Исатай ауданынан Арайлым Қалиева, Алмагүл Еспағамбетова, Дулат Шыманов, Қызылқоға ауданынан Айгерім Отарова және Жылыой ауданынан Алтынгүл Атабаева. Ұтыс иелері алдағы уақытта жергілікті халықтың әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешпек. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын жобалық басқару машықтарына үйретеді. Сол арқылы азаматтарды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз