Жарнама
Қоғам

Атырауда тегін азық-түлік таратылуда

      Қасиетті Рамазан – бүкіл мұсылман қауымының асыға тосар ізгі амалдар айы. Ауыз бекітіп, Аллаға құлшылық қылумен бірге олар бір-біріне қайырымды іс жасауды да мақсат тұтады. Мұндай ізгі көмекті аймақтағы белді компания басшылығы, ұжымы, тіпті жеке адамдар да көрсетуде. 

     – «Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ Балықшы аймақтық филиалының мүгедектер қоғамында Атырау қаласы мен Балықшыға қарасты 10 ауылдық округтен 918 адам тіркелген. Оның 600-ге жуығы ересектер болса, 300-ден астамы – бала. Мүмкіндігі шектеулі жандардың дәрі-дәрмегіне, күнделікті тамағына қанша қаражат берсе де, артық етпейді. Рамазан айы ішінде «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. — Офшор» — ССС компаниясы атынан келген азаматтар – Мырзабек Бақтияр, Асым Ашур, Дәурен Есболов, Орақ Бисембиевтер 70 азық-түлік сертификатын сыйлады. Жүріп-тұруы қиын жандарға сертификатты өзіміз жеткізетін боламыз. Сондай-ақ, осындай шараны өткізуге мүмкіндік жасаған Балықшыдағы №2 қалалық кітапхана басшылығына өз  ризашылығымызды білдіреміз,- дейді аймақтық филиал төрайымы Амина Нсанғалиева.

Лиза СЕЙТІМОВА

img 20220414 wa0139

Related Articles

One Comment

  1. Здравствуйте извините за беспокойство. А это бесплатно дают. Многодетным дают.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button