Жарнама
Қоғам

Атырауда қыстық азықтан қысылыс жоқ

Облыс әкімдігінің қолдауымен қысқа қажетті мал азығын дайындау мәселесі оң шешімін тапты.

«Алдыңғы жылға қарағанда, былтыр көктемде өр суы тасып, қолайлы жағдай туындады. Соның өзінде де жылдағыша қыстық мал азығын қажеттілігіне қарай Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жерінен дайындау үрдісі үзілген жоқ. Өңір әкімдіктерімен арада жасалынған меморандумға сәйкес, қыстық шөп әзірлеу үшін арнайы шабындық алқаптары бөлінді. Әр ауданнан пішенші-механизаторлар бригадалары жасақталып, сонда жіберілді. Дайындалған шөпті тасымалдап жеткізу, келісімді, қолжетімді бағамен жекеменшік мал иелеріне сату жұмыстары ұйымдастырылды», — деді  Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Бағдат Рүстемов.

Шаруа баққан жерлестерді керекті мал азығымен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндік туғызылды. Бірлескен істің нәтижесінде мал азығының жеткілікті қоры жасақталып, белгіленген меже артығымен орындалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button