АТЫРАУДА ҚОРҚЫТОВ КӨШЕСІ БАР 

06e7eb27 b83e 4cc9 8101 8aeb4b00aa89 Қоғам

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Махамбет атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, белгілі жазушы, драматург, аудармашы Берік Қорқытовтың есімі Атырау қаласының «Самал» шағынауданындағы көшелердің біріне берілді.

​Осыған орайластырылып, келер жылы тойланатын өлке баспасөзінің қарашаңырағы облыстық «Атырау» газетінің ғасырлық тойы қарсаңында өткізілген осынау салтанатты шараға ол кісінің көзін көрген, үзеңгілес жүріп қызмет істеген замандастары, үлкенді-кішілі әріптестері, ел ағалары мен отбасы-әулеті, ұрпақтары қатысты.

dc196cd2 b37e 4747 900d c8b106b4b98a

1928 жылы Атырау қаласында дүниеге келген Берік Ыбырашұлы 1951 жылы С.М.Киров (бүгінде Әл-Фараби) атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін филологмя факультеті бойынша бітірген. Еңбек жолын 1942 жылы сол кездегі Гурьев облыстық «Социалистік құрылыс» (қазіргі «Атырау») газеті редакциясында әдеби қызметкер болып бастаған. Кейін бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып, осында 1970 жылға дейін жұмыс жасады. 1970-1989 жылдары – Қазақстан Жазушылар Одағының әдеби кеңесшісі.

Қаламының қуатымен халқына адал қызмет қылып, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан ағамызуниверситет қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ талантымен танылып, заманының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтен бата алған. Қаламгер өз шығармашылығын аударма жанрынан бастаған. Осылайша, эстон жазушысы Э. Раннеттің «Адасқан ұл», грек жазушысы А.Парнистің «Афродита аралы», өзбек жазушысы Ш.Башбековтың «Шойын қатын», орыс ақыны Н.Доризоның «Яков Джугашвили», балалар жазушысы Н.Абрамцеваның «Қарлыгүл шақырады» пьесаларын, сондай-ақ көрнекті орыс жазушысы М.Шолоховтың , сатирик жазушы Г.Риклиннің бірнеше сықақ әңгімесін қазақ тіліне аударған. Оның драмалық туындылары да өз алдына бір төбе. Алғашқы саны «Ерік» атауымен жарық көрген облыстық газеттің тарихын зерттеп, өңірімізден шыққан атақты адамдар, батырлар мен билер, ақындар мен жыршы-жыраулар, тарихи тұлғалар туралы жазған зерттеу еңбектері де ұлт руханиятының алтын қорына қосылды.

fb25eeb5 a4f1 4d16 8e66 96d160264c63

​Атыраулықтарға, қалаберді халқына Беркес есімімен мәлім болған біртуар тұлғаның өскелең ұрпаққа өнеге болар, үлгі тұтар ісі мен өшпес ізі хақында айтылар әңгіме, шертілер сырдың мұнымен бітпесі анық. Берік Қоқытов есімін еншілеген көшенің тұсаукесер рәсіміне келген аға буын өкілдері осы төңіректе әңгіме тиегін ағытты. Алдымен қала әкімінің аппарат басшысы Самат Емберген жиылған жұртшылыққа жылы лебізін жолдады. Одан соң «Құрмет» орденінің иегері, Атырау облысының Құрметті азаматы Нұрпейіс Мақашев, қоғам қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Рәшила Мүрсәлиева, Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының басшысы Қойшығұл Жылқышиев, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының ардагер актері, Мәдениет қайраткері Төлеген Жангелдиев, «Атырау» газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев сөз кезегін алып, бұл Берік Ыбырашұлы сынды ел ардақтысыныңесімін есте қалдырып, ұлықтау мақсатында атқарылуы тиіс көп істің бір парасы ғана екеніне тоқталды. Ұрпақтары атынан Марта Берікққызы осыған ұйытқы болып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.

​Рәміздк лента қиылып, Б.Қорқытов көшесінің тұсауы салтанатты жағдайда кесілді.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз