ҚоғамCOVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда карантин жеңілдетілді: фитнес-орталықтар ашылады
«Бұл жаңалық Атырау облысының бүгін «жасыл аймаққа» өтуіне байланысты орын алып отыр» деп хабарлайды Atr.kz
«Кинотеатр мен мәдени нысандар, фитнес клубтар санитарлық талаптарды сақтай отырып, халыққа қызмет көрсете бастайды. Бұған дейін сексен пайызы қашықтан жұмыс жасаған мемлекеттік қызметшілердің жұмыс режимі өзгертіледі. Яғни, енді 60 пайызға дейінгі толымдылық сақталады. Алайда, мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат жоқ» дейді Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов.
Еске сала кетелік, Атырауда эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді. Вакцинациялау науқаны басталғалы облыста 900-ге жуық медицина қызметкері екпе салдырған.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА
Суретті түсірген: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ