Жарнама
Қоғам

АТЫРАУДА ИТ АТУҒА БОЛА МА? (+видео)

Қаңғыбас иттерді аулау және жою жұмыстары ҚР«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына байланысты тоқтатылған болатын. Дегенмен, заңдағы нормаларды сақтай отырып, қала аумағында иттердің көбеюіне байланысты аулау жұмыстары ұйымдастырылуда.

ВИДЕО:

https://www.facebook.com/atyrauakimat/videos/3263548310582069

Сонымен қатар, қала аумағынан бөлек ауылдық округтерде де ит аулау жұмыстары белсенді жүруде. Иттерді аулаумен айналысатын мердігер ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап электронды конкурс арқылы анықталып, нәтижесінде «Inmarket» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Олар аулау және уақытша ұстау, атап айтқанда, процедура кезінде панажайда ұстау, күтім жасау, күнделікті тамақтандыру, чиптеу, ұрықсыздандыру (кастрация), құрттардан тазарту жұмыстарын, құтыру ауруына қарсы екпе жасайды.

  • — Ауланғаннан кейін арнайы орындарға апарылады. Ол жерде ветеринарлық клиникамен келісімшарт жасалған. Кастрация, стерилизация жұмыстарын жүргізеді. Жануарлардың жағдайын міндетті түрде кинолог пен ветеринар анықтайды. Олар иттің жағдайын бақылап, қауіпті болса, сол жерде қалдырады. Ал, қауіпті емес иттер болса кері қоршаған ортаға шығарылады, — дейді «Атырау қалалық ветеринария стансасы» комуналдык мемлекеттік кәсіпорын басшысы Сатыбалды Оразғалиев.

Айта кетейік, қазіргі таңда тұрғындар 109 нөміріне хабарласып, ит аулау бойынша өтініштерін білдіруде. Бүгінде қаңғыбас иттердің жүрген жері тұрғындар үшін өте қауіпті орындарға айналып келеді. Осы орайда, жауапкершілік танытып, өз аулаңыздағы үй жануарына немқұрайлылық танытпай, мұқият қарауларыңыз сұралады.

(Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі арқылы дайындалды)

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button