Атырауда колледж басшылығы студент қыздардың төбелесіне түсінік берді

c183d21a 1332 4206 a1c7 1276e74d2681 Қоғам

Әлеуметтік желіде Атырау бизнес және құқық колледжі студенттерінің арасында болған төбелес​ туралы видео тараған болатын.

Оқиға 19 қазанда колледж маңында орын алған. Бірінші курс студенттері арасында өзара кикілжің орын алған. Екі қыз арасындағы жанжалға үшінші студент те қосылған. Қыздардың арасындағы төбелесті колледж оқытушылары мен студенттер тоқтатқан.​ Кәмелетке толмаған студенттердің ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылған.

«Студенттер арасындағы төбелес сабақ біткеннен кейін, түскі мезгіл кезінде болған. Жәбір шеккендер, дене жарақатын алғандар жоқ. Оқиғадан кейін біз студенттердің ата-аналарын шақыртып, жиналыс өткіздік. Бірінші курс студенттерімен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Психолог жеке әңгімелесті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Мұндай оқиға колледжімізде бірінші рет орын алып отыр» деді Атырау бизнес және құқық колледжі директорының орынбасары Назерке Кожабаева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз