Атырауда екі бүлдіршін құтқарылды

img 20220605 wa0452 Қоғам

Мақаттық полицейлер ашық терезеден қарап тұрған екі бүлдіршінді аман алып қалды.

5 маусым күні сағат 19:00 шамасында 2-3 жас шамасындағы бүлдіршіндердің 2 қабаттағы ашық терезеден қарап тұрғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына барған Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция майоры Тойгожа Азбергенов, полиция аға лейтенанты Ренат Исемгалиев, полиция аға лейтенанты Аслан Мұсаев және Мақат ауданының Қайрат есімді тұрғыны екінші қабаттағы терезеге өрмелеп міну арқылы балаларды қауіпсіз жерге шығарды. Пәтер ішінде 2 бүлдіршін жалғыз болған. Ювеналды полиция инспекторлары 1997ж.т., ата-анасының жұмыста болғанын анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді .

Атыраулық полицейлер ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз