Атыраулық таеквондошылар Қазақстан чемпионатында топ жарды

taekvondo N ray Жаңалықтар

Талдықорған қаласында таеквондодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, осы біріншілікке қатысқан атыраулық спортшылар бір алтын және үш қола медаль еншіледі.

taekvondo N ray
Атыраулық жас чемпиондар

Бес күнге созылған тартысты бәсекеде еліміздің әр өңірінен жиналған 500-ге жуық жастары өзара бақ сынап, нәтижесінде Атырау облыстық жастар құрамасының бас бапкері Сәуле Сардарова бастап апарған шәкірттердің арасынан 63 келі салмақта өнер көрсеткен  Нұрай Хұсайынова топ жарып, ел чемпионы  атанды. Ол осы жеңісі арқылы былтырғы жетістігін қайталап отыр. Сондай-ақ, Нұрай биылғы өтетін Азия чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін  жолдаманы иеленді.

Сонымен қоса, осы жарыста тамаша ойын өрнегімен дараланған жерлестеріміз  Нұрай Бауыржанова (42 келі), Ботакөз Бекмамбетова (49 келі), Диана Абсенова (59 келі) қола жүлдеге ие болды.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Taekvondo N ray1


taekvondo N ray2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз