Атырауда дүниеге келген үшем перзентханадан шықты

img 20220919 001706 Қоғам

Бүгін, 16 қыркүйек күні Атырау облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген үшем үйлеріне шығарылды,деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

6 қыркүйекте Атырау облыстық перинаталдық орталығында 21 жастағы Аянгүл Сәбитова үшемді дүниеге әкелді. Нәрестелердің үшеуі де ұл. Сәбилердің екеуінің салмағы 1 келі 800 граммнан, үшіншісі 2 келі 200 грамм болғанын хабарлаған едік. Он күн бойы дәрігерлердің бақылауында болған ана мен бөбектер бүгін үйлеріне оралды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Бәйдуәлиев жас отбасыны құттықтап, әкімдік атынан үшемге бесік арба сыйға тартты.

Атыраулық жас отбасы Есет Құмар мен Аянгүл Сәбитованың шаңырағында бұған дейін бір ұлы болған. Жаңа туған сәбилерге Ахмад, Батырхан, Исмайл есімін берген.

Бір қызығы, Есеттің де, Аянгүлдің де отбасында үшем болып дүниеге келген туыстары жоқ. Жас отбасы үшем дүниеге келетінін алғаш естігенде таңғалғанын жасырмады. 2022 жылдың 8 айында 11 333 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 114 -егіз. Бұл осы жылы тіркеліп тұрған алғашқы үшем.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз