Жарнама
Қоғам

Атырауда Айт намазы оқылды

Елімізде бүгін, яғни, 16 маусым күні қасиетті Құрбан айт мерекесі басталды.

Атырау облысындағы мешіттерінде таңғы сағат 6:30 да айт намазы оқылып, хұтпасы айтылды. Бұл туралы «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мешітке келген жамағатты айт мерекесімен құттықтап, құрбан шалудың мәніне тоқталды.

«Құрбан айт мерекесінің мәні тереңде жатыр. Еліміздің бірлігін, әр отбасының татулығын нығайтатын Құрбан айтта атқарған әр амалымыз қабыл болғай!» деді Бас имам.

«Иманғали» орталық мешітінде айт намазына төрт мыңға жуық адам қатысты.

Айт күндері облыстың барлық мешіттерінде мұқтаж отбасыларға арналған қайырымдылық шаралары, балаларға арналған мерекелік іс-шара өтеді. Уағыз-насихаттар айтылады.

Еске сала кетелік, Атырау қаласы бойынша құрбан шалатын 5 орын белгіленгенін хабарлаған болатынбыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button