Жарнама
Қоғам

Атырауда 200 отбасыға азық-түлік таратылды

«Ынтымақ Атырау» қоғамдық қоры көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 200 отбасыға азық-түлік таратты, деп хабарлайды atr.kz

Қайырымдылыққа облыстағы ең ірі мұнай компаниясы — «Теңізшевройл» ЖШС қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күні Атырау қаласындағы 200 көпбалалы және мұқтаж отбасыларға азық — түлік таратылды. Келер аптада Құлсары қаласындағы 200 отбасының әрқайсысына 15 мың теңгелік азық-түлік серификат беріледі.

cdae1dba e030 43c4 9374 74fd778e9510

Материалдық көмек алғандардың бірі, көпбалалы Гүлмира Балканова қоғамдық қорға ерекше алғысын білдірді. Айтуынша, балаларына жыл сайын киім-кешек және оқу құралдарымен қамтамасыз етіп келеді.

5baece73 8585 4239 ae47 988bac47e132
  • Жыл басынан бері облыстағы 4 мыңға жуық адамға материалдық көмек көрсетілді. Енді желтоқсан айындағы мереке күндеріне орай қайырымдылық шараларын жасауды жоспарлап отырмыз, — деді «Ынтымақ Атырау» қоғамдық қорының жетекшісі Майя Шатенова.

Айта кетейік, «Ынтымақ Атырау» қоғамдық қоры 2021 жылдан бері жұмыс атқаруда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button