«Спорт» пен «дене шынықтыру» ұғымдарының айырмашылығы неде?

o sport ty.1712117324 Жаңалықтар

Спорт – мамандандырылған арнайы сала. Ал, дене шынықтыру бұл тәрбие құралы, салауатты өмір салты болып табылады. Айтайық, баланы кішкентай кезінен күнделікті жаттығуларға дағдыландырып, спорттың белгілі бір түріне баулуға болады. Қарапайым күнде ертемен жүгірудің өзі дене тәрбиесіне жатады.

o-sport-ty.1712117324

Осы орайда, сала мамандарының да өзіндік ой-пікірі бар.

«Спорт отбасыдан басталады. Әр әке ұлының, ал, анасы қызының бойында қандай қабілет барын дер кезінде аңғара білуі тиіс. Бірде көрші отбасының мектеп жасындағы баласы таэквондомен айналысып жүрді. Бірақ бұған әлгінің әке-шешесі қарсы болды. Сөйтіп, бала бақтырып қойды. Болашағынан зор үміт күттірген шәкіртіміз күнделікті жаттығулардан қол үзді. Осыған ұқсас тағы бір мысал айтайын, Назарбаев зияткерлік мектебінде таэквондодан үйірме аштым. Алғашында білімпаз шәкірттер спортқа үйір емес шығар деп ойладым. Бақсам, арасында спортты сүйетіндері де бар екен. Әттең, сабақтан қолдары босамайды. Дәл осы қарқынмен спортты дамыта алмаймыз», – дейді тарихшы ұстаз, байырғы спортшы Қабибек Мұхитов.

– Бұрынғы ата-ана балаларына күн сайын «отжимание» жасататын. Бүгін ондайды көресіз бе?

– Дағыстанда тұтас бір тайпа ертемен тұрып, жүгіреді екен. Міне, салауатты өмір салтының бір көрінісі. Атақты спортшы Дәулет Тұрлыханов та кезінде әкесімен бірге осылай жүгірген екен. Қалай десек те, ата-ананың спортқа қатынасы қандай болса, сала болашағы да соған байланысты болмақ. Атақты боксшы Серік Қонақбаевты алсақ, оның анасы спортқа бір табан жақын болған деседі. Футболға жаны құмар баласының жаттығуларға барып жүргенін өзі қадағалапты. Бірақ Серіктің жаттықтырушысы оның боксқа бейім екендігін аңғарады. Содан үйіне барып, анасымен ақылдасады. Ал, баланың өзі футболды жаны сүйетінін айтады. Бөтекесі ауырып, күтіммен жүрген баласына әкесі 1979 жылы қалайда олимпиадаға баруды ұсынып, денсаулығын өз мойнына алады. Кейін, тағдырдың жазуымен жарыс қарсаңында әкесі көлік апатынан қайтыс болады. Спортқа деген ата-ана көзқарасының қаншалықты зор болғанын осыдан аңғаруға болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз