Жарнама
Қоғам

Атырауда экстремизмді насихаттаған үшін 40-тан астам тұрғын жауапкершілікке тартылды

«2021 жылдың 8 айында Атырау облысының аумағында деструктивті діни ағымның 44 өкілі анықталып, жауапкершілікке тартылды» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында анықталған.

ҚР ӘҚБтК — нің 453-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған деструктивті ағым ерушілерінің көпшілігі өз парақшаларында және пабликтерде Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған экстремистік идеологияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған бейне және аудиоматериалдарды жариялады.
Қазіргі уақытта басқарманың ақпараттық-талдау орталығының мамандары ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша дәстүрлі емес діни бағытты насихаттайтын 143 825 (2019 ж. – 335, 2020 ж. – 30 000) парақшаны бұғаттады.

Сонымен қатар, діни бағыттағы ақпаратты тарататын әлеуметтік желілердегі парақшаларды зерделеу нәтижесінде 139 240 бет анықталды, оның 442-сі жат идеология материалдарын таратушылар болып табылды және дінтану сараптамасына жіберілді.

  • 2021 жылдың 8 айында мониторингтік жұмыстар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490-баптары бойынша деструктивті ағым ерушілері жасаған 44 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жиналған материалдар сотқа жолданды, оның шешімі бойынша айыппұлдың жалпы сомасы 1 917 347 теңгені құрады. Тағы 8 әкімшілік іс өндірісте, — деді ведомстводан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button