Жасұлан Көжеков дүниеден өтті

21b1e171 da74 4d61 a161 661eac896692 Жаңалықтар

Atr.kz/31қаңтар, 2019 жыл. Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады.

Саналы ғұмырын журналистиканың дамуына арнаған танымал журналист Жасұлан Көжеков дүниеден өтті. Қаламы жүйрік, сөзі өткір тұлға елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған журналист қай тақырыпты қаузап, жазса да айтар ойы халықпен үндес жатты.

Жасұлан Ғайнешұлы 1969 жылы қазан айының 30-шы жұлдызында Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында дүниеге келген.

Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін , Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Атырау облыстық телерадиокомпаниясында редактор болып бастап, кейін телекомментатор болған.

Сонымен қатар, «Хабар» агенттігінің Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі, 1999-2000 жылдары Атырау телерадиокомпаниясының басшысы болған. Кейін облыс әкімінің кеңесшісі, Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметінің жетекшісі болды. Аймақтағы алғашқы «Атырауньюс.ком» сайтының және «Атырау Тудей» газетінің негізін қалаушы.

Сонымен қатар, Ақжайық газетінде бірнеше жыл еңбек еткен. Өнегелі өмірінде абыройлы қызмет атқарған Жасұлан Ғайнешұлы дана да дара сөз шебері, өзінің салмақты салиқалы пікірімен қайталанбас тұлға.

Әріптестері оны журналистикада аты аңызға айналған тілшілерінің бірі деп біледі.

atyrautv.kz

«Атырау-Ақпарат» ұжымы  қайғылы жағдайға байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз