Үлкен теннис Атырауға келді

Үлкен теннис Атырауға келді Жаңалықтар

– Бұрын Атырауда үлкен теннис ойнайтын орын болмады. Осы себепті «Мұнайшы» стадионындағы шағын, әрі тар орында бас қосатынбыз. Ал, өзге аймақтарда спорттың осы түріне ерекше маңыз берілетін. «Бізде мұндай кешен қашан салынады екен?» деп армандап, басқа спортшыларға қызыға қараушы едік. Мақсатымызға бүгінде қол жеткізіп отырмыз, – дейді Қазақстанның чемпиондары Бекежан Жайықбаев пен Әсел Жұмахметова Атыраудағы үлкен теннис орталығының ашылу салтанатында.

%d2%af%d0%bb%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d1%82%d0%b5%d0%bd%d0%bd%d0%b8%d1%81-%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80%d0%b0%d1%83%d2%93%d0%b0-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тұсауын кескен спорт нысанының аумағы 4,9 мың шаршы метрді құрайды. Жер телімінің жалпы көлемі 2,1 гектарды алып жатыр.

– Елімізде спорт саласын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүйелі жұмыстар жасалуда. Мемлекет басшысының оған айрықша маңыз беруінің нәтижесінде тек Атырау облысының өзінде Тәуелсіздік жылдары көптеген спорттық нысан пайдалануға берілді. Қазіргі ашылып отырған орталық соның қатарын толықтыруда. Мұнда үлкен теннистен атыраулық болашақ чемпиондардың дайындалуына барлық жағдай жасалған, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев. Ол сондай-ақ, корт үстіндегі алғашқы соққыны да жасады.

Үлкен теннис орталығының құрылысын бас мердігер «Батыс Альянс Строй» ЖШС  құрылысшылары жүргізіпті. Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысына сәйкес,  жобалауды «Полиграм» мекемесі атқарған. Орталықтың ерекшеліктері туралы ҚР үлкен теннис федерациясының Атырау облысындағы филиалының директоры Вера Тихомирова айтып берді.

%d2%af%d0%bb%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d1%82%d0%b5%d0%bd%d0%bd%d0%b8%d1%81-%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80%d0%b0%d1%83%d2%93%d0%b0-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96-2

– Теннис кортына «Green Set» маркалы жоғары сапалы жабын төселген. Халықаралық талаптарға сәйкес келетін материалдың төселуін шет елден келген сарапшылар бірнеше рет тексерді. Осы шаруаның басы-қасында болған Испанияның мамандары бұған дейін Рио–2016 Олимпиадасының нысандарында жұмыс жасаған. Олар Атыраудағы үлкен теннис орталығына жоғары баға беріп отыр. Кешен әлемнің өзге спорттық нысандарымен бәсекелестікке түсе алатынына сенімдімін, – деді белгілі спортшы.

Жабық кешеннің ішінде – 4, сыртында күн жылы мезгілде теннис ойнауға арналған тағы 4 корт бар. Оны 300 көрермен бір сәтте тамашалай алады. Ашық теннис кортының өлшемдері 36,6х36,6-ны құрайды. Бұл – белгіленген талапқа толық сәйкес келеді деген сөз.

%d2%af%d0%bb%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d1%82%d0%b5%d0%bd%d0%bd%d0%b8%d1%81-%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80%d0%b0%d1%83%d2%93%d0%b0-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96-3

– Көзімізді ашқалы көргеніміз спорт. Саланың қиындығына төзіп, қызығына ортақтасып келеміз. Дегенмен, ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырында Атырауда болып  жатқан үлкен өзгерістер атап айтарлық. Мысалы, бүгінгі ашылып отырған үлкен теннис орталығын бұрын көзге де елестете алмайтынбыз. Өз алдымызға мемлекет болып, өз қолымыз өз аузымызға жеткеннен соң осындай тамаша ғимарат тұрғызуға мүмкіндігіміз туды. Облыс жұртшылығын Тәуелсіздіктің мерейтойына арналған осындай тартумен құттықтаймын, – деді спорт саласының ардагері Өтеген Олжабаев.

Айта кетейік, орталық негізінен үлкен теннис кортынан, ашық футбол алаңқайынан, 81 орынға арналған автотұрақтан тұрады. Оған келушілердің қатары қазірдің өзінде аз болмайын деп тұр. Өйткені, балғындарды еліміздің білікті мамандары шынықтырмақшы.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Суреттерді  түсірген:

Әнуар  ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз