
Атырау мен Құлсарыда 150-ден астам тұрғын «Асыл мұра» жобасы аясында қазақтың дәстүрлі қолөнерін тегін меңгерді
Атырау және Құлсары қалаларында «Қазақия» қоғамдық қоры «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен жүзеге асырған «Асыл мұра» әлеуметтік жобасы аясындағы дәстүрлі қазақ қолөнеріне үйрету курстары аяқталды.
2025 жылдың мамыр айынан бастап 150-ден астам адам, оның ішінде балалар да бар, халықтық өнердің сегіз бағыты бойынша тегін оқудан өтті. Атап айтқанда:
- киіз үй бөлшектерін жасау (уық, кереге, шаңырақ, сықырлауық);
- киіз басу;
- сырмақ тігу — қазақтың дәстүрлі кілемі;
- ағаш ою, жиһаз бен ыдыс жасау;
- құрақ көрпе, жастық тігу;
- алаша тоқу — ұлттық кілем-дорожкалар;
- ілмектеп тоқу арқылы декоративті панно (тұс киіз) жасау.
Барлық сабақтар толығымен тегін өтті — қатысушыларға қажетті материалдар мен кофе-брейк ұсынылды. Курсты сәтті аяқтағандарға кәсіби дағдыларды растайтын арнайы сертификаттар табысталды. Бұл құжаттар қатысушыларға өз ісін бастап, шығармашылық шеберхана ашуға мүмкіндік береді.
«Біз үшін халықтық қолөнерді қайта жандандыру — бұл тек мәдени мұраны сақтау ғана емес, сонымен қатар Атырау мен Құлсары тұрғындарының әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан өзін-өзі іске асыруының нақты жолы», — деді жоба жетекшісі Жанар Төрениязқызы.
«Асыл мұра» жобасы — бұл жай ғана қолөнер үйрету емес. Бұл — ұлттық болмысты бекемдеуге, өңірлік қауымдастықтарды мәдениет пен шығармашылық арқылы дамытуға бағытталған маңызды бастама.