«Нұр» бәрін үйлестіреді

18650cea2258783814ac0c80da5619fe resize w 782 h 439 Жаңалықтар

Аудан көлемінде мемлекеттен төмен пайызбен несие алып, өз кәсібін ашқан шағын және орта кәсіп иелерінің қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Солардың бірі – Бибінұр Мұратова.

18650cea2258783814ac0c80da5619fe_resize_w_782_h_439

Кәсіпкер жақында «Нұр» тігін цехын ашып, пайдалануға берді.

Өткен жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие ресімдеген кәсіпкер аталмыш істі қолға алуды ойластырды. Міне, айтулы мереке қарсаңында кәсіпкерлік нысан есігін айқара ашты.

– Адамдардан тапсырыс қабылдап, көңілінен шығатындай, қонымды етіп тігіп қуантсақ, біз үшін үлкен мерей. Киім-кешегін қысқарту, кең киімді тарылту, жыртылғанын жөндеп беру үшін тапсырыс қабылдаймыз. Әзірге екі тігіншіні жұмысқа алдым. Еңбек еткен адам қай уақытта да табысқа жетеді ғой, – дейді кәсіпкер.

Тігін шеберханасы заманауи тігін машинасымен, басқа да құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тапсырыс беруші мата түрлерін де осы дүкеннен таңдап, қалауынша тіктіре алады.  Қысқасы, «Нұр» бәрін үйлестіреді.

Өз тілшіміз.

Мақат ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз