Жарнама
Қоғам

«Атырау-Астрахан» жолының құрылысы «Үкімет сағатында» қаралды

ҚАЗАҚСТАНДА КӨЛІК ЖОЛЫН ЖӨНДЕУГЕ ЖЫЛ САЙЫН ҚЫРУАР ҚАРЖЫ ҚАЗЫНАДАН БӨЛІНІП ОТЫРСА ДА, ОНЫҢ НАҚТЫ АХУАЛЫ КӨҢІЛДЕН ШЫҚПАЙ ТҰР. ТІПТІ, АЗИЯ МЕН ЕУРОПАНЫ ЖАЛҒАЙТЫН КӨЛІК ЖОЛДАРЫНЫҢ ДА ТЕК СОРАБЫНА ҒАНА КӨҢІЛ БІРЛЕП ОТЫРҒАН ЖАЙ БАР. СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ, ЖУЫРДА РЕСПУБЛИКА ПАРЛАМЕНТІНДЕГІ «ҮКІМЕТ САҒАТЫН» МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРНАЙЫ ЕЛДЕГІ АВТОКӨЛІК ЖОЛЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАДЫ. ОНДА ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҒДАЙМЕН ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ ТАНЫСТЫРДЫ.

Талқылау барысында көтерілген бірнеше мəселенің бірі – көптен бері қалың бұқараның көкейіндегі «Атырау Астрахан» автокөлік жолының салыну кезеңдері мен пайдалануға тапсырылуын министрлік тарапынан бақылауға қатысты. Бұған дейін ведомство осы жолдағы көлік қозғалысына жыл соңына дейін рұқсат беруді жоспарлаған еді. Ол жөнінде біз де оқырманға қуанышпен хабарлағанымыз рас. Ал, министрдің айтуынша, əзірге бұл мүмкін емес тəрізді.

Қайырбек Өскенбаев бастаған м и н и с т рл і к ө к і л д е р і жол д а ғ ы құрылыс барысымен танысып, құрылысшылармен кездесіп жүргені анық. Оған ешкім де күмəн келтірмейді. Алдағы қарашаның соңында тағы да құрылысшылармен ке зде су жоспарланған. Əйтсе де, жазда берілген уəде тым ұшқарылау болған сыңайлы, бұл бағытқа сапарлаған жолаушы жыл соңына дейін тегіс жолда жүйтки алмайды екен. Тек келесі жылы ғана сəті түсетін түрі бар. Бұл – министр Қ.Өскенбаевтың «Үкімет сағатында» айтқаны. Министрдің бұл уəжі Парламент Мəжілісінің депутаттарын қатты алаңдатты. Құрылыстың бəсең қарқыны мен межелі мерзімде жұмыстың аяқталмауына əріптестерінің орынды наразылығын депутат Дүйсенбай Тұрғанов жеткізді. – Біз бұл мəселені тұрақты депутаттық бақылауда ұстап отырмыз. Өйткені, министрлік берген уəдесінорындамай отыр. Халық алдында сөз берілген соң, ол орындалуы тиіс, — дейді Дүйсенбай Нұрбайұлы.

«Үкімет сағатында» депутат Д.Тұрғанов көтерген тағы бір мəселе – жол сапасы жəне оның мерзімімен қатар тұратын сараптама жүргізу. Егер республикалық ауқымдағы жобалар толыққанды сараптамадан өтіп отырса, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жобалар облыс əкімдіктеріне байланысты.

 – Қазір ауылдардағы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы салынып жатқан көлік жолдары мен аулаішілік телімдер сараптамадан өтпейді. Бюджетті игеру жəне қаржыны үнемдеу деген желеумен сапаны бағалау үшін жекеменшік зертханалар жұмылдырылады. Техникалық қадағалау тарапынан да тиісті бақылау жоқ. Себебі, азаматтық құрылыс нысандарында да, жол құрылысында да жүретіндіктен, техника лық қадағалаушының құзыреті жетпейді. Айналып келгенде, мемлекеттен бөлінген қаржы кейбір жағдайда рəсуа болып жататыны ащы да болса шындық, — деді депутат.

Ал, министр Қ.Өскенбаев бұл мəселенің өзекті екенін растап, оны шешу үшін қазір Парламенттің қарауында жатқан жаңа заң шығару нормаларын тезірек қабылдауды ұсынды. Жобаға сəйкес міндетті түрде сараптама өткізу арнайы құрылған институттың құзырына берілмек жəне əрбір берген қорытындысы үшін сарапшылардың да жауапкершілігін арттыру қарастырылыпты. Сондай-ақ, заң жобасында жергілікті деңгейдегі жолға сараптама жүргізу облыс əкіміне міндеттелген. Əрине, оны мемлекеттік мекеме жүргізе ме, əлде жекеменшік зертхана ма, ол – əкімнің жауапкершілігінде. Тек мəселе – сапада.

– Жол құрылысына ғылыми тұрғыда ден қоюдың күшейтілгені көңілге үміт ұялатады. Өйткені, сол арқылы құрылыс материалдарын талдау, əр облыста жол салуды жоспарлағанда сол өңірдің климаттық ерекшеліктеріне көңіл бөлу секілді мəселелер көзделеді. Ал, іс жүзінде жобадағы осы ерекшеліктердің құрылысшылар тарапынан ескерілуін сараптама арқылы тексеру керек, — деді депутат Д.Тұрғанов.

Бұған жауап берген министр «əр жобаның 0,5 пайызы осы бағыттағы ғылымды дамытуға жұмсалатынына» сендірді. Əрине, жаңаша өзгеріс келешектен зор үміт күттіреді. Дегенмен, сөз бен істің арасын уақыт пен нəтиже айқындап береді. Депутаттар министрге «уəде – құдай аты» екенін, оны орындамау мемлекеттік дəрежедегі лауазым иесіне абырой əпермейтінін де атап көрсетті. Автокөлік жолының құрылыс қарқыны мен оның сапасына депутаттар тарапынан ұдайы бақылау жасалатынын жəне қазынадан бөлінген қаржының əр тиыны мұқият сұралатынын да қаперге берді.

Қуат ҚОСЫМБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button