«Baizaar» сауда орталығында вакцина алғандарға 1 миллион теңге ақшалай ұтыс ойнатылады

whatsapp image 2021 07 12 at 14.22.39 Жаңалықтар

Ұтыс ойыны 2021 жылдың 1 шілдесі мен 1 қыркүйегі аралығында өтеді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Baizaar» сауда ойын-сауық орталығы әкімшілігінің хабарлауынша, ұтыс ойынына қатысу үшін сауда орталығының вакцинация пунктінен Covid-19 қарсы вакцина алу қажет. Содан кейін, қатысушының толтырған купонының екінші бөлігі арнайы лототронға салынады.
-Ұтыс ойынына сауда ойын-сауық орталығы аумағында ғана вакцина алған тұлғалар қатысады. 1млн теңге иегері, яғни жеңімпаз 1қыркүйекте @baizaar_mall инстаграм парақшасында тікелей эфирде анықталады – деді сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз