Атыраулықтар көшпенділер ойындарының жүлдегерлері атанды
Атыраулықтар көшпенділер 35 елдің балуандары өзара сынға түскен додада топ жарды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
2 қыркүйектен бастап Қырғызстанның Ыстық көл аймағында ІІІ бүкіләлемдік көшпенділер ойындары басталған болатын. Күллі әлем көз тіккен бұл шараға шараға биыл 80-нен аса мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы қатысуда. Үшінші рет ұйымдастырылып жатқан дода – қырғыз жерінде қолға алынған ең ауқымды спорттық шаралардың бірі.
Кешегі жарыс күнінде қырғыздың «Алыш» күресі бойынша жерлесіміз Ақжол Қайыпхан 55 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Ақжол соңғы рет дзюдодан жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарған еді.
Бүгін кезекті жарыс күнінде Түркімен күресі бойынша атыраулық балуан Амандық Абылай да қола жүлдегер атанды. Жерлесіміз абсолютті салмақ дәрежесінде күресті.
Көшпенділер ойындары қыркүйек айының 8 жұлдызына дейін жалғасады болады.