ПАЛУАНДАРЫМЫЗ – ҮШІНШІ

Жуырда қазақ күресінен Қазақстан кубогы сарапқа салынды. Еліміздің әр түкпірінен жиналған палуандардың арасында жерлестеріміз топ жарып, жалпыкомандалық есепте қызылордалықтар мен тараздықтардан кейін ІІІ орынды еншіледі.

 

Жекелей сында 82 келі салмақта Сұңғат Закарияев чемпион атанып, +100 келі салмақ дәрежесінде белдескен Кенжебек Күзембаев күміс жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар, Мұрат Дошахаев (55 келі) және Сержан Оқасов (90 келі) облыс қоржынын қола медальмен толықтырды.

Палуандарды жаттықтырған – облыстың аға жаттықтырушылары Аманбай Қыздарбаев пен Айбек Серғазиев.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз