Атыраулық Есенбек Сиғуатов грепплингтен тұңғыш Әлем чемпионы атанды

WhatsApp Image 2018 09 13 at 10.50.42 Қоғам

Атыраулық Есенбек Сиғуатов грепплингтен тұңғыш Әлем чемпионы атанды.

WhatsApp Image 2018-09-13 at 10.50.42

Жерлесіміз қатысқан Әлем чемпионаты 6-10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтті,-деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сөйтіп, Астанада болған байрақты бәсекеден қос спортшымыз жеңіспен оралған.

46 келі салмақ дәрежесінде Есенбек Сиғуатов Әлем чемпионы атанды. 11 сынып оқушысы алғашқы кездесуінде ресейлік қарсыласын тізе бүктірді. Жартылай финалда қазақстандық отандасымен жолықса, финалда венгриялық спортшыны ұтып, жасөспірімдер арасында Атыраудан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанды.

50 келі салмақта 13 жасар Арсен Ризуанов күміс жүлдеге ие болды. Іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, жартылай финалда француз балуанын ұтқан. Тек, ақтық бәсекеде ресейлік қарсыласына есе жіберіп алыпты.

Ересектер арасындағы сайыста Тыныс Бисалиев қола жүлдеге ие болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз