Жарнама
МәдениетҚоғам

Атыраулық бишілер халықаралық байқауда бас жүлдені иеленді

Грецияның Афина қаласында өткен халықаралық би додасында Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының «Қазына» би ансамблі бас жүлдені қанжығаға байлады. Тоғыз мемлекеттен жиналған қатысушылар арасынан еліміздің намысын қорғап, суырылып шыққан өнер ұжымының қуанышында шек жоқ.

????????????????????????????????????

«Друзья Олимпа» деп аталған конкурсқа Греция, Украина, Болгария, Румыния елдерінен білікті мамандар қазылық етті. Біздің бағымызды жағып, бағамызды көтерген Айтқали Жайымовтың «Шалқыма», Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» және көне суреттерді бейнелеген «Бейнелер» билері болды. Бұл туындыларды бишілер сахнаға алғаш рет алып шықты. Жеке орындауда Анель Сәрсенова Н.Тілендиевтің «Аққуына», Рысбек Демеуов Құрманғазының «Балбырауынына» биледі. Өнерпаздарымыз бойындағы бар таланттарын жоғары дәрежеде көрсетті. Бас жүлдеге кубок пен диплом табыс етілді, — дейді би ансамблінің жетекшісі Талғат Ғатауов.

Аталған би ұжымы 2009 жылы құрылған. Ансамбль құрамында он қыз, үш ұл бар. Жастары – он бес-он алтыда. Енді олар онжылдық есеп беру концертіне дайындық үстінде.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button