Жарнама
Қоғам

Атырау облысында 300-ден астам студент тұрғын үйге мұқтаж

Атырау облысы бойынша 25 колледжде 17178 студент білім алуда. Оның 8560-ы мемлекеттік грант иегерлері. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «бес әлеуметтік» бастамасын талқылау жиынында айтты.

20170306202402

Облыс әкімі жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартудың маңызына да тоқталды.

-Атырау облысындағы үш жоғары оқу орнында 12436 студент білім алуда. Оның 1605-і мемлекеттік грант негізінде оқиды. 1612 студент жатақханамен қамтылған. Басқа қалалардан келген 312 студент тұрғын үйге мұқтаж, — деді облыс әкімі.

-2017 жылы 222 студент жергілікті бюджет қаражаты есебінен грантқа ие болды. Кадрларға сұранысты ескере отырып, биыл жергілікті бюджеттен білім беру гранттарына қосымша қаражат бөлу жоспарланды. Биыл мектеп бітіретін 350 түлек мемлекет есебінен білім алуға ниет білдіріп отыр.

Атырау облысы бойынша 25 колледжде 17178 студент білім алуда. Оның 8560-ы мемлекеттік грант иегерлері. Он колледжде 782 орындық жатақхана бар. Жатақханадан бөлме сұрап 771 студент арыз берген. Жатақханада орын тапшылығы мәселесін шешу үшін құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

-«Д.Нүрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжіне 100 орындық жатақхана салынуда. Аққыстау поселкесінде 320 орындық техникалық колледж ғимараты салынуда. Мұнда 100 орындық жатақхана да болады. 5 жатақхананың жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалды. Жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен биыл екі жатақхана салынады, — деді Нұрлан Ноғаев.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button