ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен көп балалы анамын, алты бала тәрбиелеп отырмын. Менің ең кенже ұлым Әділхан туылған күнінен мүгедек.

Оған сол кезде дәрігерлер үш диагноз қойды: «Врожденная гидроцефалия», «Несовершенный остеогноз», «Ангиопатия сетчатки». Қолы мен аяғы бірнеше рет сынған, жүре де, еңбектей де алмайды. Біз әлденеше рет квота бойынша Астана қаласындағы «Ана мен бала» орталығына ем алуға бардық, ондағы дәрігерлер бізді енді қабылдаудан бас тартып отыр, көмектесетін мүмкіндіктері жоқ. Ұлым Әділханға 2011 жылы Санкт-Петербург қаласындағы Ғылыми жүйехирургиялық институтында «Врожденнная гидроцефалия» (басқа су жинау) диагнозына ота жасалды. 2012 жылы Мәскеу қаласындағы Еуропалық клиника орталығынан «Несовершенный остеогноз» (сүйегі сынғыш) диагнозы бойынша ұзақ памидронат терапиясынан ем алуда, 3-4 ай аралатып, жылына 3-4 курсын алу қажет және 5 жыл бойына ем қабылдауы керек. Халқымның және демеушілердің көмегімен 2014 жылдың қазан айында үндістанға барып, екі аяғына ота жасалды. Ондағы дәрігерлер ұлымның «Ангиопатия сетчатки» (көз жанарының көрмеуі) диагнозын тексеріп, 2015 жылдың мамыр айында ота жасады. Мәскеуге тағы да жол түсіп тұр. Жол шығынын қосқанда емделуге кем дегенде 600 мың теңгедей қаражат қажет. Ондай қаражат табу маған қиынға соғуда. Шарасыз күйге түскен соң жерлестерімнен қаржылай қолдау сұрап отырмын. Көмек қолын созатын мейірімді жандар табылып қалар деп үміттенемін.

Құрметпен: Әділханның анасы Ләззат Құбашқызы.

Телефондары:8 (7122) 31-23-06, + 7 775 338 12 49

СТН: 151010612934

ЖСН: 770908400478

Жеке куәлік  №012947223

Берілгені: 22.01.2003-08.09.2022

«Казкоммерцбанк» АҚ, Атырау қаласы

KZ6092606015N5328000

БИК KZKOKZKX

QIWI Кошелек

+7 775 338 12 49

«Қазпошта» АҚ, Атырау қаласы

Шот нөмірі: KZ 165630699 ВВ 00 99972

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз