Жарнама
Қоғам

АСЫЛ АҒАНЫ ЖОҒАЛТТЫҚ

 

Осыдан тура бір күн бұрын  аяулы ағамызбен Сенат қабырғасында кездесіп, сәлем-сауқат алыстық, әңгімелестік. Ол менен Жұмекен ағамыздың 80 жылдығына арналып, ұйымдастырылып жатқан шаралар туралы сұрап біліп, қуанып, бұған өз ризашылығын білдірген еді. Сосын Сенатта  көрнекті мемлекет қайраткері, Халық қаһарманы, Армия генералы, сенатор Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың жетпіс жасқа толуына арналған салтанатты жиында  сөз сөйледі. Мерейгерді құттықтаған асыл ағамыздан осыншама тез айырылып қалғанымыз жанарымызды жаспен жудырып отыр бүгін.

Қазақ барда Әбіш Кекілбаевтай алып тұлғаның есімі өлмейді. Топырағыңыз торқа, иманыңыз жолдас болғай, асыл аға!

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button