Қоғам

Астаналық адвокат тәжірибесімен бөлісіп жатыр

Атырауда жастарды жергілікті деңгейде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тарту және де азаматтық құқық  бойынша білімдерін арттыруды мақсат тұтқан екі күндік курс өтіп жатыр. 

img 1764

«Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебі жобасы аясында «Азаматтық құқық» бағыты бойынша ұйымдастырылған оқу курсына 30 жас қатысып жатыр. Астана қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Аида Өтесін спикер ретінде қатысып, бірнеше тақырыпта сөз қозғап, олардың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, құқықтық жазбаға кіріспе, сторителлинг (Storytelling) және копирайтинг элементтерінің құқықтық жазбадағы рөлі және маңыздылығы, экономикалық дау бойынша талап қою дайындауды үйрену, practice-based professional learning, әкімшілік талап қою, оның нысаны мен мазмұны секілді тақырыптар пайдалы курсқа арқау болды. Содан соң, шарт мәтіндерімен жұмыс істеу бойынша лайфхактар, құжаттармен жұмыс істеуде болатын кейстерді талқылау бойынша практикалық сабақтар өтті. 

– Сонымен қатар, курста азаматтық істер бойынша сотқа дайындалу, өзіңді қорғау, мемлекеттік сатып алу-сату жобаларында орын алатын кейстерді талдау, қылмыстық істерде өзіңді қорғау, қылмыстық істер бойынша кейстер талқылау, әкімшілік істерде өзіңді қорғау, әкімшілік істер бойынша кейстер талқылау секілді өзекті тақырыптар да қозғалады. Осы курстың өтуіне ұйытқы болып, қолдау білдірген облыстық әкімдікке, «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалына ерекше алғыс білдіреміз, — деді Аида Айбарқызы. 

Қатысушылар оқу барысында өздеріне керекті ақпараттарды алып, командалық жұмыстарға белсенділік танытып жатыр.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button