Қоғам
АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ АРТАДЫ
«ҚазАқпарат» агенттігі хабарлағандай, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, депутат Ассамблея сессиясының шешімі билік органдарының барлығына, әсіресе, ҚХА кеңесіне мүше облыс әкімдеріне, бірқатар мемлекеттік органдардың жетекшілеріне міндетті болатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Ассамблея жетекшілері Президент алдында жыл сайын есеп беруге міндеттелетінін хабарлаған. Жиын барысында заңдарға нақты өзгерістер енгізілгені және ол өзгерістердің Ассамблеяның жергілікті полиция мен медиация жұмысына да араласуына мүмкіндік беретіні белгілі болып отыр.