Әскери борыш – абыройлы міндет

8d8c8552 d9a3 4fe7 ba49 45e1cabc9dea Қоғам

Отан алдындағы борышты өтеп, әскер қатарына қосылу – нағыз азаматтықтың белгісі. Мен Алматы қаласындағы Ұлттық ұлан 5571 әскери бөліміне күзгі науқанда шақырылдым. Жалпы, Б.Момышұлы, Қ.Қайсеновтың соғыс туралы жазған кітаптарын оқығасын ба, әйтеуір әскери қызметке қызығушылығым болды. Сондықтан да мектепті аяқтап, барлық медининалық талаптармен денсаулығымды тексерттім.Міне, енді мен үшін әскер сапында сарбаздық борышымды өтеп жүргенім үлкен абырой.

Әскери өмірдің қызығы мен шыжығы қатар жүреді ғой. Алғашқыда еркін жүріп-тұрып қалған адамға тәртіпке үйрену қиындау болғанын жасырмаймын. Күніміз ерте тұрып, жүгірумен басталады. Маған әскери дайындық сабақтары мен жаттығу жиындары ұнайды. Ал, «Дабыл» соғылған уақытта отырған жеріңнен тұра салып жүгіресің.

Мұнда достық пен бауырмалдық, тәртіп пен жауапкершілік секілді игі қасиеттерді үйрендім. Барлығымыз да күні кеше келгенімізбен бір атаның баласындай достасып кеттік. Өзіміздің арман-мақсаттарымызбен бөлісіп, жағымды жаңалықтарды талқылаймыз. Соның бірі – бір жыл әскери борышын өтегендер жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсетіні қуантты. Өйткені, әскери бөлімдегі сарбаздардың көпшілігі оқуға түсіп үлгермеген жастар. Біз үшін бұл мотивация болып, әскерде жақсы нәтиже көрсетуге ынталандырады.

Нұрбек ЖАРЫЛҒАСОВ,

Ұлттық Ұлан 5571 әскери бөлімінің сарбазы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз