Тиімді технология – табыс кепілі: ол өңірде жеңіл өнеркәсіптің өркендеуіне тың серпін береді

4efb30ac86c4306b35e12aed857052e5 Жаңалықтар

Соңғы кездері өңірде жеңіл өнеркәсіп саласын өркендетуге де көңіл бөлінуде. Өткен аптада Атырауда қазақстандық-ресейлік екі инновациялық жобаның іске қосылуы – соның айқын айғағы. Оның бірі – мата геотекстилі, екіншісі – экструзионды геосинтетика өнімдерін шығару цехы.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбековтың айтуынша, осы салаға инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын құру, еңбек өнімділігін арттыру – жергілікті атқарушы биліктің алдында тұрған басым бағыттардың бірі.

Айта кету керек, бүгінде облыс аумағында еркін экономикалық аймақ табысты жұмыс жасап тұр. Қазір жаңадан ашылып отырған кәсіпорындарда пайдаланылатын полиэтилен және полипропилен өндіру жөніндегі жобалар жүзеге асырылуда. Сарапшымамандардың пікірінше, мұның өзі болашақта жеңіл өнеркәсіп саласын тиімді дамытуға, заманауи технологияға негізделген өндіріс орындарының өрісін кеңейтіп, мүмкіндігін арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Жобаға қатысушы тараптың бірі – ресейлік «Ультрастаб» жауапкершілігі шектеулі қоғамының құрылтайшысы Роман Петров екі елдің арасындағы осындай бизнес-ынтымақтастықтың берекелі боларына сенімді екенін жеткізді. Мұндай әріптестіктің Қазақстанда, соның ішінде Атырау өңірінде жеңіл өнеркәсіпті дамытып, бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие өнімдер шығаруға кепілдік беретінін атап өтті. Нақтылай кетсек, Атырауда жүзеге асырылған инновациялық жобаларға Қазақстан жағынан «Трансжол– Трейд» компаниясы қатысып, бір салада екі бірлескен кәсіпорынның құрылуына себепші болып отыр.

Олардың бірі – Ресейдің Иваново қаласынан «Ультрастаб», екіншісі – Ярославль облысында құрылған «РГК» ЖШҚ. Осылайша, Атырауда отандық жеңілөнеркәсіп саласында алғашқылар қатарында құрылып, жұмысын бірлесе, сәтті бастаған компаниялар «Ультрастаб-Казахстан» және «РГК-Каспий» ЖШС-тері деп аталды. «Ультрастаб-Казахстан» серіктестігі мата-полипропиленді және мата-жартылай эфирлі текстиль өнімдерін шығарады. Жоғары сапалы технологияға бағдарланған мұндай өнімдер автокөлік, жаяу жүргінші жолдары, әуежайдағы ұшақтардың ұшып-қону алаңы құрылыстарында, жерүсті коммуникациялар желісі мен дренаж жүйелерін жүргізгенде кеңінен қолданылады.

С о н ы м е н б і р г е , Ат ы р ауд а шығарылатын геотекстиль бұйымдары ауыл шаруашылығы саласында, дәлірек айтқанда бау-бақша өсіруде кеңінен қолданылатын болады. Жоғары сұранысқа ие, қолданысқа төзімді материал. Ол конструкциялардың жарамдылық мерзімін айтарлықтай ұзартады, ылғал өткізбейді. Ал, «РГК-Каспий» ЖШС болса, автокөлік және теміржол құрылысында, жаға бекіту жұмыстарында, өнеркәсіптік қалдықтар қоймаларын салуда кеңінен қолданылатын экструзионды геосинтетика бұйымдарын шығарады.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз