ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕГІ БІР КҮН
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы өкілі, майор Мадияр Жұртшиевтің айтуынша, жастардың өз елінің патриоты боп қалыптасуына ықпал ету үшін еліміздегі әскери оқу орындары жөнінде кең түсінік беру керек. Алайда, соңғы кезде әскери дайындыққа бейімделу деңгейі тым төмендеп кетті. «Президентіміз қорғаныс саласына баса мән беруде. Өйткені, қазіргі заманға сай кәсіби әскер жасақтап, мемлекетімізді қорғау – басты міндет болып отыр» дейді Мадияр Дүйсебекұлы.
Алдымен оқушыларға әскери бөлімдегі қару-жарақ түрлері таныстырылды. Жаттықтырушы, подполковник Абай Абдуллаев барлаушылар пайдаланатын қару құралдары мен радио-техникалық байланыс аппараттарын көрсетіп, қолданылу аясын түсіндірді. Осыдан кейін №51051 әскери бөлімінің штабтық ротасын аралаған оқушылар казарма тәртібімен танысып, кәсіпқой әскерде келісім-шартпен қызмет етіп жүргендердің күнделікті өміріне куә болды. Соңынан Қазақстанның Қарулы күштері жөніндегі бейнефильм назарға ұсынылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.
Суретті түсірген автор.