Жарнама
Қоғам

Әсия ҚҰЛЖАНОВА: “Волонтер болу — еліңді сүю”

«Қызыл Ай қоғамы» ҚБ Атырау облыстық филиалының жетекшісі, «Асыл жүрек» номинациясының жеңімпазы:

– «Birgemiz» аясындағы барлық бастамалар мен игі істер халқымыздың бірлігін бекемдейді. Осы жолда үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттің қолдауы маңызды. Біздің бірлестік әлеуметтік осал топтар өкілдеріне тұрақты жәрдем беріп, жүздеген жанға көмек көрсетті. Сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдке де шықтық. Бұл марапат – барша команданың жеңісі мен еңбегінің жемісі деп білемін.

Бәрі волонтерлікті тегін қызмет, жәрдемдесу деп біледі. Шынына келсек, әр азамат ерікті көмектесуікерек. Көмекке мұқтаж адамдар көп. Мәселе материалдық көмекте болмаса керек. Жылы сөз айтып, қолдағаныңның өзі қамқорлық, көмек. Күнделікті жұмыста «бәрі жақсы болады» деген бір ауыз сөзді естігісі келетіндер көп. Сондықтан «волонтерлер» деп жауапкершілік пен міндетті шектемеген жөн. Бұл барлығымыз бірге жұмылып кірісетін жұмыс.

Қиналғанға қолұшын созатын игі дәстүрімізді жаңғыртатын жастардың қатары әлі де көбейе түсетініне күмән жоқ.  Өйткені волонтер болу еліңе деген сүйіспеншіліктің көрінісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button