АРЫЗ АРТЫНДА – АДАМ ТАҒДЫРЫ

13408821 Қоғам

Атырау облысы бойынша 2022 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және облыс басшылығының жеке қабылдау қорытындылары туралы мәліметті оқырман назарына ұсынамыз.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап өтініштерді тіркеу және олармен жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес «Е-өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жаңа форматта жүргізілетіні белгілі.

Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан 2022 жылдың 1 тоқсанында  6550 өтініш келіп түскен, оның ішінде облыс әкімі аппаратында – 729, облыстық басқармаларда – 1424, қала және аудандар әкімдіктерінде  – 4397 өтініш қабылданған. 

Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 27,4 %-ға төмендегені байқалады (2021ж.1 тоқсан – 9023).

Есепті кезеңде облыс бойынша барлығы келіп түскен 6550 өтініштің қаралғаны – 6314, оның ішінде ҚР ӘРПК нормаларына сәйкес әкімшілік рәсім тәртібінде қаралғаны – 4253, оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібінде – 1120 өтініш, мерзімі ұзартылып қаралғаны – 251, құзыреттілігі бойынша басқа мекемелерге жолданғаны – 941, қаралу үстінде – 236 өтініш.

Есепті кезеңде облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен  162 қабылдау ұйымдастырылып, 681 азамат жеке қабылданды, оның ішінде  173 азаматқа заңға сәйкес түсінік беріліп, 508 азаматтардың мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 84 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 41 азаматқа облыс әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен 3 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 29 азаматқа қабылдау кезінде заңға сәйкес түсінік беріліп, 52 азаматтардың мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 397 азамат өтініш білдірді. Олардың:  тұрғын үй – 117, денсаулық – 46, әлеуметтік көмек – 28, білім – 17, жұмыспен қамту – 28,  жерді пайдалану – 23, жол салу – 7, кәсіпкерлік – 17, құрылыс – 3,  мәдениет – 4, ауыл шаруашылығы – 7, қаржы – 1, тағы да басқа мәселелер бойынша – 99. Барлығына заң шеңберінде түсініктер берілді.

 Фронт-кеңсеге келген азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасақталған меморандум аясында заңгерлік консультациялар мен психологиялық, медиаторлық көмектер көрсетілуде.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз