Жарнама
Қоғам

Арналар ашылмаса, жағдай қиындайды

Бірден айта кетейін дегенім, 1993-1994 жылдары көктемгі су тасқыны Қайыршақты округі аумағындағы «Теңдік» кеңшарының әлеуметтік экономикалық жағдайы әлсіреп, үлкен проблемалық жағдайға душар етті.

1993 жылы округ аумағындағы елді мекендерді Жайық өзенімен құлаған өр суынан, топан судан, яғни тасқыннан қорғау мақсатында Геолог ауылынан (ол кезде поселке болатын) бастап Соколок каналына дейінгі аралықта ұзындығы 30 шақырымға жуықтайтын дамбы соғылды.
Соған қарамастан, жоғарыдан айрықша арынмен аққан су өзеннің арнасын толтырған кезде каналдың сыртқы бетіндегі Алға, Ортақшыл ауылдарын, 13 ауылды басып өтіп, кері Соколокқа келіп тірелген. Топан су «Атырау-Индер» тас жолын кескенде бүкіл тұрғын болып жұмылып, қанша қиын көрінгенімен бағытын бұруға әрекеттенгенбіз. Онымыз нәтижесіз де болмады. Жоғары қысыммен төмен қарай аққан судың екпініне қарсы тұру үшін қуатты техникалар өз алдына, адамдар да бел шеше іске кірісіп, тасқынның беті қайтқанша мігір таппадық. Күш-жігерді біріктіріп, ширақ қимыл танытудың арқасында жеңіске жеттік. Өкінішке қарай, осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын салынған бөгеттер бұл күнде шөгіп, жермен жексен болып, ернектеп келген сумен бірген шайылып кететін жағдайға жетті. Сол жағын ескеріп, топан су келмей тұрғанда бөгеттерді биіктетіп, бекемдеп алғанымыз жөн.
Ең бір назар аударарлық мәселе, Жайық өзенінің деңгейін төмендету үшін, одан бастауын алып жатқан каналдардың арналарын ашып, аққан судың қарқынын азайту керек. Сонда дарияның бойындағы ауылдарға да, қалаға да төнер қауіп азаяды.
Әділтұрақбай ҚҰМАРОВ,
мемлекеттік қызметтің ардагері

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button