АРДАГЕРЛЕР ТУРАЛЫ КІТАП ШЫҒАДЫ

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық Кеңесінің қолдауымен «Қазақ жерінің зиялы азаматтары – Почитаемые люди земли казахской» атты жинақтарының кезекті томын шығаруға дайындық жұмыстары жалғасуда. 

 

Бұл томдарға Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері, ғылым мен білім, әдебиет пен мәдениет қызметкерлері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, елімізге белгілі ауыл мен қала тұрғындарын енгізуге болады. Республикаға еңбегі сіңген азаматтар туралы өмірдеректік очерктер де енеді.

Соған байланысты Атырау облыстық ардагерлер кеңесі осы кітапқа енгізуге ұсынылатын адамдар жөнінде (өзін-өзі ұсына да алады) материалдар жинақтап, баспаға жолдайды.
Әрбір ұсынылым туралы 2-3 бет компьютерде терілген материал және сурет қажет. Алдын ала төлейтін аздаған қаражаты да бар. Байланыс телефондары: 87015441434, 8(7272) 91-95-62, 8(7122) 32-76-38.

Қ.РИЗУАНОВ,
облыстық ардагерлер
кеңесі төрағасы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз