«Иманғали» орталық мешіті ағаш отырғызу акциясын өткізді

9893 9 Жаңалықтар

«Иманғали» орталық мешіті жаппай ағаш отырғызу акциясын өткізді. Қырыққа жуық тал егілген акция аясында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы Батыржан Мансұров жасыл желектің тіршілік нәрі екендігіне тоқталды.

9893 (9)

«Ғалымдардың айтуынша, ғылым мен технология қаншалықты кеңінен дамыса да, әлі күнге дейін ағаштан асатын ауа тазартқыш қондырғыларын ойлап табу мүмкін болмай отыр. Бұл – жаратылыс әлемінің құдіреті. Исламмен біте қайнасқан дана халқымыздың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деуінің мәнісі де осында» деп атап өтті облыстың бас имамы.

9893 (14)

«Аялы ағаш – саялы ағаш» акциясына облыстық Дін істері басқармасына қарасты «Ақпараттық-талдау орталығы» мекемесі, «Жәрдем – Атырау» кооперативтік орталығы мен «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек қорының ұжымдары қатысты.

9893 (4)

9893 (7)

9893 (10)

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз