Жарнама
Қоғам

АРДАГЕРЛЕР ӘРДАЙЫМ САПТА

Оған қала мен барлық аудандық кеңестердің, облыстағы ірі кәсіпорындар жанындағы бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, облыстық денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау басқармаларының басшы, қызметкерлері қатысты. 
«Доссор мұнай-газ» өндіру басқармасында өткен семинар қатысушыларын қабылдауда аудан әкімінің орынбасары П.Хасанов, аталмыш басқарма бастығы Б.Тасқынбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халеновтер ауданның және аймақтағы ірі кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен таныстырды, зейнеткерлер мен аудандық кеңес қызметкерлеріне көрсетіліп отырған қамқорлық та сөз болды.
Мұндай басқосулар Доссор мәдениет сарайында, сондай-ақ, Мақаттағы Локомотив депосының мәжіліс залында өткен мұнайшылар мен теміржолшы ардагерлер бастауыш ұйымдарының есеп беру, сайлау жиындарымен жалғасты. Кездесу барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ризуанов пен оның орынбасарлары Н.Есмағанбетов пен Б.Ғұбашевтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстан — 2050» бағдарламасының тұжырымдары, ардагерлер ұйымдарының міндеттері, ардагерлердің әлеуметтік өмірдегі орны мен беделі, сонымен бірге, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық шаралары туралы келелі әңгімелер айтты.
Жалпы, бүгінде облыстық ардагерлер ұйымы 42 000 зейнеткердің басын біріктіріп отыр. Олар 200-дей бастауыш ұйымда тіркелген.
Өз кезектерінде семинарға қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Т.Нұржігітов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы Қ.Дәулетовалар зейнеткерлердің сауалдарына тұшымды жауаптар берді. Шара тек жиынмен шектелмей, ардагерлер Доссордағы мұнайшылар спорт кешені мен жаңадан бой көтерген Абай орта мектебі ғимараттарын араласа, Локомотив депосындағы мұражайдың экспонаттарын да қызықтады.

Қилыбай ШАХАТҰЛЫ, Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button