Жарнама
Қоғам

Ардагерін құрметтеген елдің мерейі үстем

Бұл Заң — барлық ардагерлердің көптен күткен құжаты болды дегенім дұрыс болар.


     Себебі, аталған заң аясында əр ардагердің жылдар бойы төккен тері мен адал еңбегі лайықты еленіп, тиісті жеңілдіктер қарастырылады.
     Сондай-ақ, қазақстандық ардагерлердің санаты кеңейтілді. Бұл — азаматтардың жат жерде жүріп оқ пен оттың ортасында өткізген ауыр күндерінің өтеуі десе де болады.


     Енді олардың салықтың 11 түрінен босатылатыны да көңілге қонымды. Ал, əлеуметтік қолдау шаралары құптарлық шешімнің бірі.
     Бұрынғы заңнамаға сəйкес мемлекеттің жеңілдіктері мен кепілдіктерін 169 мың ардагер алса, енді жаңа Заңның аясында 180 мыңнан аса ардагер қолдау шараларымен қамтылады.
     Бұл Заң — барлық ардагерлердің еңбегіне берілген əділ баға.


     Толыбай ШƏКІРОВ,
ауған соғысының ардагері

http://atr.kz/bez-rubriki/mahambet-dosmuhambetov-atyrauda-qogamdyq-tartipti-qorgauga-1000-nan-astam-policiя-men-askeri-zhumyldyryldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button