Балалардың білім ордасы

parorpop Қоғам

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы.

2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады.Осы жыл аясында оларды сапалы біліммен қамтуға,қорғауға,мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл білініп отыр.Алдымыздағы жаз айларында балалардың демалысы керемет өтуі үшін арнайы демалыс орындары ұйымдастырылады.Оқушылар үшін  лагерьдің  екі типі болады: мектептегі және қала сыртындағы.Өкінішке орай, көптеген қала сыртындағы лагерлердің жолдамасы өте жоғары, халықтың қалтасы көтере бермейтіні анық. Мұндай жағдайда балалар мен ата-аналарын жазғы мектеп лагерлері құтқарады, онда әдетте 1-4 сынып оқушылары белсенді демалып, денсаулықтарын қалпына келтіреді.Ал сіз университет лагері жайында естіп пе едіңіз?!

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Kids University» жобасы ашылған болатын.2017 жылдың 1 маусымынан бастап  өз жұмысын қолға алған лагерьдің бүлдіршіндерге берері (үйретері) көп.Жобаны университеттің  әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі Л.Ерболатқызы және университет басшылығы  қолдап келеді.Лагерь  балалардың бойында тұншығып жатқан талантын ашып,кішкентайдан ғылымға деген қызығушылықтарын оятуды мақсат етіп отыр (еткен).Күндері таңғы жаттығумен басталып,әрі қарай университет оқытушыларының қызықты сабақтарын тыңдап,ораторлық,актерлік шеберлік,курстарынан өтумен жалғасын табады.

Оқушылар білім алумен ғана шектелмей, крeaтивті ойындар,тренинг пен тимбилдингтердің куәсі болады.Сонымен қоса лагерь барысында балалар саябақтарда демалып,ккітапханамен танысып,актерлық сабаққа қатыса отырып,өз талантарын аша алады.Айта кетелік «Kids University» лагеріне 6-12 жас аралығындағы балалар(жасөспірімдер) әр жылдың 1маусымынан бастап қабылданып, демалысын көңілді өткізуіне мүмкіндік алады.

Және де  «Kids University» студенті куәлігі табыс етіледі.Жастар саясаты жөніндегі проректор Л.Ерболатқызы : «Алдағы  уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда.Өскелең ұрпақтың санасы сергек,жан-жақты дамыған,рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтейтін саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиеттерімізді, білімімізді аямайық!!!Сонда ғана еліміздің болашағы жарқын болмақ»-, деп жас жеткіншектерге тілек білдірді. Балалардың дені әрқашан сау болсын!!!Жаздағы жақсы демалыс – жыл бойына қажетті күш–қуат.

Айым СӘКЕН,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті

prparopara
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз