Ардагердің үйіне барды
1-қазан Қарттар күніне орай «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында саналы ғұмырын мемлекеттік қызмет пен партияға арнаған, сала ардагері Серік Баймұқашевтің үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.
-Серік Қонысбайұлы, сізді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздің партияның абырой-беделі мен дамуына жұмсаған күш-жігеріңіз бен қосқан үлесіңізді, мол тәжірибеңіз бен кісілік келбетіңізді әрдайым үлгі тұтамыз. Қазіргі ұжым партиялық қызметтің барлық сатысынан өткен сіз сияқты алдыңғы буынның сара жолымен жүріп келеміз, — деді Абдолла Хамиұлы.
Өз кезегінде сөз алған ардагер өткен өмір жолы мен қызметтегі күндерін сағынышпен еске алып, ақыл-кеңесін айтып, ризашылығын білдірді.