Жарнама
Қоғам

АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде жас оқытушылар мен студенттердің Ділдә анамен кездесуі жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Атырау қалалық  мәслихатының  депутаты, колледж директоры Бағыт Шеркешбаева осынау кездесу кәсіби білім беру ұйымдары қызметкерлері мен студенттеріне рухани және имандылық құндылықтар, неке мен отбасын нығайту негіздерін насихаттау тұрғысында өткізіліп отырғанын баса айтты.

Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жоспарының аясында ұйымдастырылып отырған шараға осы комиссияның бас инспекторы Зәмзәгүл Жалмурзина, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Нұрлы Әйтиева Ел анасы атанып, береке-бірліктің ұйтқысы бола білген Ділдә Матайқызының өнегелі өмірі мен асыл қасиеттеріне, жастарға арнаған тәрбиелік тағылымдарына тоқталды.

Ал, Ділдә қажы өз кезегінде тәуелсіз еліміздің болашағы, жасампаз ұлтымыздың келешегі болып табылатын бүгінгі жас ұрпақ, оның өзіндік орны туралы келелі ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында жастар кештің құрметті қонағына сауалдар қойып, толымды жауабын естіді.

Кездесуді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова қорытындылады.

Лиза СЕЙТІМОВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button