Жарнама
Қоғам

Қамалды бұзған Камалбек

Бұрынғы Кеңес әскерінің кәсіби офицері, Ауған соғысының ардагері, отставкадағы майор Камалбек Бектелеуов ол жақтағы ұрыс қимылдарының өзгеше өрлік пен ерекше ерлікті талап ететін шайқас екендігін айтады.

Screenshot_4

…1984 жылдың желтоқсанында лейтенант Камалбек Бектелеуов қандыкөйлек жолдастарымен бірге беймәлім Ауғанстанға ұшып барды. Оның 139-гвардия-лық инженерлік-саперлік ба-  тальоны 56-шы жеке гвардия-лық десанттық шабуылдау бригадасының құрамында болып, Пактия провинциясының Гардез қаласына келіп тұрақтады. Олардың алдында Гардез – Кабул – Гардез – Хост қалалары аралығындағы Кеңес әскерлері техникасының, жүк тасымалының қоз-ғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тас жолдар мен оның маңын минадан тазарту міндеті тұрды.

Ауған жеріне аяқ басқан сәттен кейін үш күн өтер-өтпесте Камалбектің әскери құрамасы «Завеса» атты әскери операциясына қатысты. Мойнына жүктелген алғашқы әскери тапсырманы орындауға аттанып бара жатқан батальонның толық емес 72 адамнан құралған рота сарбаздары алдында қандай сынақ күтіп тұрғанын, әрине, білген жоқ. Бар білетіні: бұлар торуылдап жүрген трасса төңірегінде 17 мыңға тарта моджахедтің бой тасалап жүргендігі еді. Бұл  бар-лаудың жеткізген дерегі болатын. Соның 600-ге жуығы Гардез бағытындағы әскери құрамаларды аңдып, әліптің артын бағып жүрген-ді. Міне, сол 600 моджахед дәл лейтенант Бектелеуовтың ротасына шабуылдар деп кім ойлаған?!

Сол күні Камалбектер тосқауылға қалған-ды. Ішінде инженер-сапер, десантшылар мен сарбаздардан құралған аз ғана топтың мықтап бекініп, аз-кем тыныстағаны сол еді. Жаудың күткені де осы болса керек. Тұтқиылдан лап қойды. Батальоннан оңашаланып жүрген 70 қаралы жауынгердің бір сәтте көзін жойып жібермекші. Бірақ, арнайы әскери оқу-жаттығудан өткен офицерлер басқарған рота оңайлықпен алдыра қоймады. Тау-тасты тасалай оқ атып, мысықтабандап жақындап қалған күші басым жау ақыры шегінуге мәжбүр етті. Қасық қаны қалғанша өліспей-беріспей шайқасқан жас жауынгерлер қырсыққанда миналанған алаңға тап келді. Моджахедтермен ұрыса жүріп, бір мезгілде жолды аршуға бұйрық берген рота сардары 16 саперінен бірдей айрылды. Рота командирі де қаза тапты. Ротаны басқаруды толық өз мойнына алған лейтенант Камалбек Бектелеуовтың алдында қалай да қоршауды бұзып-жарып, қалған әскерді алып шығу міндеті тұрды. Бірақ, күшті жау бас көтертпей, өрімдей жас өрендердің бірінен соң бірін баудай түсіріп жатты. Соған қара- мастан, 12,7 мм-лік үлкен калибрлі «УТЁС» пулеметімен жаудың бетін қайтарып, бір жағы қарша бораған оқтың астында бұқпантайлап басты өлімге тіге жүріп, ақыры сарбаздар алаңды минадан тазартты. Жол ашылып, аман қалған алты адам кері шегінді.

Кейін күші бірнеше есе басым моджахедке қарсы қайсарлықпен қарсы тұрған рота жауынгерлері мемлекеттік наградаға ұсынылды. Лейтенант Камалбек Бектелеуов көрсеткен ерлігі үшін бірден «Қызыл Жұлдыз» орденін   кеудесіне тақты.

Ербол ҚОШАҚАНОВ,

Жылыой ауданы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button